23.08.2023
14:35
1363
Науырзым қорығындағы орман өрті сөндірілді

Науырзым қорығындағы орман өрті сөндірілді

Қостанай облысындағы Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ТЖД жедел штабының ақпараты бойынша Науырзым қорығындағы Бишағаш орманшылығы аумағындағы өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді. Өрттің аумағы 807 гектерға жеткен.

Қарамайшы бөлімшесінің ауданындағы үшінші учаскеде ТЖД қызметкерлері мен қорық қызметкерлерінің жалпы күш-жігерімен өрт 22 тамыз күні сағат 18:53-те оқшауланды. Өрт периметрі бойынша қарауылдау және қосымша жырту жұмыстары жүргізілуде, - делінген ТЖМ мәліметінде.

Өртті оқшаулауға қорық қызметкерлері қатарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Өрттің себебі мен жалпы ауданы анықталуда.