Наурызнама: Алматыда отбасылық құндылықтар күні қалай өтті

18 Наурыз, 20:39 775

Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында Шаңырақ күніне орай "Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз" мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған дәстүрлі музыка жанрының орындаушысы Эльза Карабалина, сонымен қатар, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен магистранттары қатысты. Көрермендер үшін авторлық және халық әндері шырқалып, ал ұйымдастырушылар қонақтарға Наурыз мейрамының шығу тарихы туралы айтты.

Әсіресе, ұлттық салт-дәстүрлерге ерекше назар аударылды. Іс-шараның ашылуы дәстүрлі "Шашумен" ұласып, музыкалық кешке қатысушылар "16 қыз" әнінің сүйемелдеуімен "Тұсаукесер" рәсімін өткізді.

17 наурыз күні Қазақстанда Наурыз мерекесінің төртінші күні атап өтілді. Ол отбасылық құндылықтарға арналды.

Зарина Арман
Бөлісу: