Наурыздың соңғы күндері 22 градусқа дейін аяз болады

30 Наурыз 2023, 22:00 3255

Республиканың басым бөлігіне белсенді фронттары бар оңтүстік циклон әсер етіп, осыған байланысты қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың көп жерінде жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.

31 наурыз-1 сәуір аралығында батыста қатты жауын жауады, 30-31 наурызда шығыс пен оңтүстікте, 30 наурыз-1 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын түсіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр.

31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонының келуімен республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын тоқтап, басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Синоптиктер болжамынша, батыста ауаның температурасының түнде 2-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз 7-15 градус жылы болады.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында температура төмендейді - түнде 7-13 градус аяз, күндіз -2 градус +3 градус жылы болады.

Шығыста ауаның температурасы түнде 10-22 градусқа дейін төмендесе, күндіз 5 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы болады.

Оңтүстік облыстарда түнде 0-5, күндіз 3-13 градус жылы болады.

EL.KZ
Бөлісу: