Наурыздың онкүндігін атап өту шығынды арттырмай ма?

14 Наурыз, 13:12 645

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде наурыз мерекесін жаңа форматта он күн бойы тойлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурызды он күн тойлау деген сөз он күн той жасау деген сөз емес қой. Бүгін енді тойлау басталып жатыр. Амал мерекесі. Біз сіздермен жұмыс істеп жатырмыз, жұмысымыз жалғасып жатыр. Бір-бірімізді құттықтап отырмыз. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе telegram каналдарында, сайттарда құттықтаулар беріп жатқан шығарсыздар. Бір-біріңізге жақсы лебіз жеткізіп жатқан шығарсыздар. Бұл да сол тойлаудың бір формасы ғой, - деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, наурыз мерекесін он күн бойы тойлау көп шығынды қажет етпейді.

Сондықтан тойлау деген – біздің қоғамымызда дұрыс құндылықтарды дәріптеу деген сөз. Сыйластық бар, өзара көмек бар. Сондықтан да үлкен тәрбиелік мәні бар қадам деп есептеймін. Шығындарды өз басым көріп тұрған жоқпын, - деп атап өтті ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: