04.03.2023
12:39
5246
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

2023 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.

Бұл аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс күндері болып есептеледі. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.