18.11.2025
18:31
1132
Nature’s Best Photography Awards 2025 байқауының жеңімпаздары анықталды

Nature’s Best Photography Awards 2025 байқауының жеңімпаздары анықталды

Nature’s Best Photography байқауының 30 жылдығына орай 2025 жылдың үздік фотосуреттері жарияланды. Жеңімпаздар мен финалистер қатарында 20-дан астам елдің өкілдері бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Табиғат және жабайы жануарлар фотосуретіне арналған ең беделді халықаралық байқаулардың бірі – Nature’s Best Photography Awards 2025 нәтижелері жарияланды.

Гран-при иегері

Бас жүлдені Канада фотографы Томас Виджаян (Thomas Vijayan) иеленді. Ол Антарктидадағы император пингвиндерін түсірген суретінің арқасында жеңіске жетті: кадрда балапанның ата-анасының арасынан пана тапқан сәт бейнеленген.

Автор бұл сурет туралы:

Бұл – планетадағы ең қатал аймақтардың біріндегі отбасы бірлігінің көрінісі, – деп сипаттаған.

Фото: Thomas Vijayan, Canada

Номинациялар

Үздік суреттер он түрлі тақырыптық номинацияда анықталды, соның ішінде:

  • жануарлар;
  • құстар;
  • пейзаждар;
  • су асты әлемі;
  • полярлық аймақтар;
  • табиғатты қорғау;
  • жастар номинациясы және т.б.

Жеңімпаздар мен әсерлі кадрлар

Жеңімпаздар мен финалистер арасында Угандадағы гориллалар, Канададағы гренландиялық аюлар, Бразилиядағы ягуарлар, Кениядағы тырналар, Аустралиядағы акулалар, сондай-ақ Мадагаскар, Индонезия, АҚШ, Қытай, Жапония және Еуропа елдерінен түсірілген бірегей суреттер бар.

Фото: David Swindler, АҚШ

Тау гориллалары. Бвинди-Импенетрабл ұлттық паркі, Уганда. Халықаралық табиғатты қорғау одағының мәртебесі: жойылу қаупі бар. 

Deena R. Sveinsson, АҚШ

Маңғаз бұғы. «Гранд-Титон» ұлттық паркі, Вайоминг, АҚШ. 

 Daniel Valverde Fernández, Испания

Бал ара опоссумы. Чейнс-Бич, Батыс Аустралия. 

Daniel Valverde Fernández, Spain

«Бауырлардың құшақтасуы». Носача маймылдары, Сабах, Борнео. Жойылу қаупі бар. 

Фото: Genia Ikhfa Anindita, Индонезия

Теңіз қолтырауыны мен Уоллес ұшатын бақасы. Баланган, Индонезия. 

Daniel Clarkson, Оңтүстік Африка

«Соңғы гепардтар». Масааи-Мара ұлттық қорығы, Кения. 

Florian Ledoux, Норвегия

Жас ақ аю мен морж. Шпицберген, Норвегия.

 Steven Kovacs, АҚШ

Үштабанды балық дернәсілі. Палм-Бич, Флорида, АҚШ. 

Dr. Elliot McGucken, АҚШ

Сент-Мэри көліндегі таңның атуы. «Глейшер» ұлттық паркі, Монтана, АҚШ 

 Marco Gaiotti, Италия

Суматра орангутаны. Гунунг-Лейзер ұлттық паркі, Солтүстік Суматра, Индонезия.

Hira Punjabi, Үндістан

Ягуар аталықтары. Пантанал, Бразилия

Табиғатты қорғау туралы арнайы серия

«Табиғатты қорғау» арнайы номинациясына АҚШ-тағы Саут-Падре аралында суықтан зардап шеккен 5 мыңдай жасыл теңіз тасбақасын құтқару туралы фотоцикл енген.

Sandesh Kadur, Үндістан
 Sandesh Kadur, Үндістан

Фотосерия: «Тасбақаларды құтқару». Саут-Падре аралы, Техас, АҚШ. Жасыл теңіз тасбақалары, жойылу қаупі бар. 

Жекелеген суретте экологиялық дабыл ретінде Шри-Ланкадағы қоқыс үйіндісінде жүрген азиялық пілдің фотосы таңдалды.

Lakshitha Karunarathna, Шри-Ланка

Қоқыс үйіндісіндегі азиялық піл. Ампара, Шығыс провинция, Шри-Ланка. Жойылу қаупі бар. 

Жастар номинациясы

Жылдың жас фотографы атағын Қытайдың 17 жастағы фотографы Лисики Йе жеңіп алды. Ол Юньнань провинциясында түсірілген мүйізтұмсық құстың (екі мүйізді калао) ұшып бара жатқан сәтін кадрға түсірген.

Lisiqi Ye, Қытай

Ұшып бара жатқан екі мүйізді мүйізқұстың суреті. Инцзян, Юньнань, Қытай. 

NBP туралы

Nature’s Best Photography (NBP) сыйлығы 1995 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға кәсіби фотографтар да, әуесқойдар да қатыса алады. Ал оның Британиядағы Wildlife Photographer of the Year сияқты өзге конкурстардан ерекшелігі, NBP қазылар алқасы әр кадрдың экологиялық және ағартушылық маңызына айрықша көңіл бөледі.