National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады

16 Маусым, 16:13 477

National Geographic журналының сайтында Қазақстан туризмі туралы мақала жарияланды. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Материал «Неліктен 2024 жыл – Қазақстанды танудың ең жақсы уақыты?» деп аталады.

Автордың жазуынша, ұлы даланың кең жазық даласы бүгінде заманауи қалаларымен, іс-шараларымен және көлік тораптары арқылы әлемге өзін танытып келеді.

Әсіресе Алматының тауы мен табиғаты, Көлсай, Қайыңды, Шарын сынды туристік орындар келушілерді бей-жай қалдырмайды. Қазақстанның орталығын көргісі келгендер Жібек жолы бойындағы Шымкент пен Түркістанға бара алады. Ел батысындағы Маңғыстау, Каспийдің жағасы мен Үстірт қорығы да – басты туристік бағыттардың бірі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: