Нашар көретін балаларға арналған қайырымдылық мереке

28 Ақпан 2018, 10:49 2797

Бүгінгі таңда қайырымдылық қоғамның маңызды да қажетті бөлігіне айналуда. Қазір әр адамға, әсіресе денсаулығы нашар жандарға ықылас пен қамқорлық, махаббат пен  мейірім қажет.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында жетім балаларға, мүгедек балаларға, сондай-ақ психологиялық және физиологиялық бұзушылықтары бар балаларға арналған іс-шаралар, қайырымдылық акциялар өткізу дәстүрге айналды.

28 ақпанда Қазақстан халқы ассамблеясының «Қайырымды ел» жалпы ұлттық республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығы  № 44 мектептің нашар көретін балаларына іс-шара өткізді.

Залға белсенді, көңілді, өмірді сүйетін 30 жуық бала жиналды. Олармен татар-башқұрт орталығының жастары және «Инсайт» шоуының аниматорлары айналысты.

Бағдарлама қызықты да мазмұнды болды. Балғындар ойын ойнап, конкурстарға қатысты, шағырмашылық тапсырмаларды орындады. Бұл ретте аниматорлардың кәсіби шеберлігі мақтауға тұрарлық болды. Балалар эмоционалды түрде тұс-тұстан өздері және армандары жайында айтты, ең батылдары өлеңдер оқып, сурет салды. 

Балалар көңіл көтеріп жатқанда, сөйлеуді дамыту орталығының басшысы Елена Владимировна Петрова ата-аналармен әңгіме құрды. Ата-аналар өз ісінің хас шеберімен диалог барысында мол пайдалы ақпарат алып, мұндай іс-шараларды үнемі өткізу қажеттілігін білдірді. Шоу бағдарламадан кейін қонақтарға «тәтті үстел» ұсынылды.  

 

Бөлісу: