Нашақорлар саны ресми мәліметтен 10 есе көп - Бақытжан Әмірханов

20 Ақпан, 12:04 669

Қазақстандағы есірткі тұтынатын адамдар саны денсаулық сақтау органдары ұсынған ресми деректерден 5-10 есе көп. Бұл туралы ҚР ІІМ Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi бастығының м.а. полиция полковнигі ОҚК-де өткен онлайн брифинге айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау органдары мамандары ұсынған мәлімет бойынша қазіргі таңда Қазақстанда 18 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Бірақ есірткі тұтынатын адамдардың саны бұдан 10 есе көп. Сол себепті есепті анық білу үшін біз скринингті жоспарлап отырмыз, - деді Б.Әмірханов

Айта кетейік, ҚР ІІМ былтыр елімізде 81 есірткі зертханасының жолын кескен. Ал былтыр жыл басынан бері 7 есірткі зертханасы жабылған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: