Нарықта доллар бағасы төмендеді

23 Желтоқсан 2022, 20:43 2166

Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады

KASE Қазақстан қор биржасы доллардың орташа бағамы 461,97 теңгені құрап, бірден 4,70 теңгеге төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 6,61 теңгеге дейін өсті (+0,05).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 66,02 теңгені (-1,00) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 497,15 теңгеге, рубльді - 6,48 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде доллар 464-468 теңгеден, еуро - 490-496 теңгеден, ресей рублі - 6,4-6,8 теңгеден сатылады/сатып алынады.

Сондай-ақ 23 желтоқсандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Мәселен Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркасының ақпан фьючерстері 1,82%-ға қымбаттап, барреліне 83,70 долларды құрады.

NYMEX тауар биржасының электрондық сауда-саттығында WTI ақпан фьючерстерінің бағалары 1,79%-ға өсіп, барреліне 79,69 долларға жетті.

EL.KZ
Бөлісу: