28.09.2023
15:44
1029
Нариман Құрбанов Азия ойындарында жүлдегер атанды

Нариман Құрбанов Азия ойындарында жүлдегер атанды

Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Ханчжоудағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрбанов ат снарядының финалында 15.100 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді тайбэйдік Чин-Кай Ли иеленді – 15.500. екінші орын жапониялық Рета Цумараға бұйырды — 15.166.

Қазақстан құрамасының еншісінде 20 жүлде бар.