Нариман Құрбанов Ақордаға барған жоқ. Себебі анықталды

27 Тамыз, 16:54 1931

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановтың президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойындардың жүлдегерлерін қабылдау рәсімінде неге болмағаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның іс-шараға келмеуінің себебін президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бүгін Ақордада Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қабылдады. Бірақ салтанатты рәсімге спорттық гимнаст Нариман Құрбанов келе алмаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада ХХХІІІ Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыстады. Өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов салтанатты рәсімге ауырып қалып қатыса алмады. Біз оған тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді Берік Уәли.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: