Нариман Құрбанов Алматыда үйлену тойын дүркіретіп өткізді

16 Қыркүйек, 14:16 1417

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аlga.peterburg парақшасының авторы, блогер Иван Червинский Нариман Құрбановтың үйлену тойы Алматыда өткенін айтты. Ал спортшының қуанышын бөлісуге Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Ризабек Айтмұхан секілді Олимпиада, әлем чемпиондары арнайы барған.

Әлемдегі ең чемпиондық тойға қатысу үшін Астанадан Алматыға әдейі оралдым. Қазақстан – бұл чемпиондар елі, бірақ бұл күні Олимпиада, әлем және Азия чемпиондары бір тойда бас қосты. Біз спортшыларымыздың өнерін әрқашан бақылап отырамыз, сондықтан шығарылымдарымыздың басты кейіпкерлері болып жүрген саңлақтардың ортасында отыру мен үшін үлкен абырой. Ал солардың арасында бүгін ең басты кейіпкерлер – жас жұбайлар, - деп жазды блогер.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жұбайы Аида Бауыржанова да гимнаст. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы, Азия біріншіліктерінің жүлдегері.

Естеріңізде болса, Нариман жарын 8 қыркүйекте ұзатып алып кеткен. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АЛГА КАЗАХСТАН (@alga.peterburg)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: