12.03.2023
18:25
1673
Нариман Құрбанов Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Нариман Құрбанов Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Бакуде өтіп жатқан Әлем Кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Әзірбайжан елінде өтіп жатқан бәсекеде Нариман 15, 300 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы болды.

Айта кетейік, бұл ел қоржынына түскен екінші алтын медаль. Осыған дейін еркін бағдарламада Милад Карими үздік атанған болатын.