«Намысына тиіп, қорлағым келді». Бишімбаев Нүкенованы не үшін видеоға түсіргенін айтты

24 Сәуір, 16:26 2550

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы не үшін видеоға түсіргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысында Нүкеновтердің адвокаты Бишімбаевтан «Неге оны көңілдесіңмен жыныстық қатынасқа түстім деп айт» деп мәжбүрледіңіз деп сұрады. Бұл сұраққа Бишімбаев:  

Әйеліңіз киімінің бәрін шешіп,  жалаңаш жүрсе, сыйлаған заттарыңызды лақтырса, бейәдеп сөздер айтса сіз не істер едіңіз? Мен де оның намысына тиіп, қорлағым келді. Өйткен, ол алты сағат бойы мені мезі қылды. Мен келесі күні оған осы видеоларды «қандай жағдайға жеткеніңді қарашы» деп көрсеткім келді, - деп жауап қатты.

Адвокаттың «Салтанат боқтады, киімдерін шешті дейсіз, неге сол сәттер видеода жоқ?» деген сауалына:

«Мұндай жағдай болады, таңға дейін жүреміз деп ойлаған жоқпын. Тек орнынан тұрып, үйге қайтайық деген мақсатпен видеоға түсіре бастадым, - деп жауап қатты Бишімбаев. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: