Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНадежда Рябец Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.
Тәжірибелі боксшы Надежда Рябец -80 кг дейінгі салмақтың ақтық айқасында өзбек былғары қолғап шебері Рухшона Парпиева жұдырықтасты. Алма кезек шабуылмен өткен кездесуде отандасымыз басым түсті. Есеп: 5-0.
Надежда жартылай финалда Пуджа Раниді (Үндістан) 3-1 есебімен ұтқан. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұл – Рябецтің ересектер санатындағы сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы алтыны.
Осыған дейін шаршы алаңға шыққан Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Енді аса ауыр салмақтағы (+80 кг) Дина Исламбекова финалда бақ сынайды.
Бұдан бұрын әйелдер сапынан Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?