Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

5 Маусым 2022, 11:16 1246

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға өзгеріс пен толықтыру енгізу бойынша жалпыреспубликалық референдумда өз дауысын берді, деп хабарлайды El.kz Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін елімізде республикалық референдум өтіп жатыр. Референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауысын береді. Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 млн 722 мың 536 адамды құрайды. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктеріміздің жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды. Оларда шетелде жүрген Қазақстанның шамамен 11 350 азаматы дауыс бере алады.

Бөлісу: