«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелері айтылды

15 Желтоқсан 2014, 03:48

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелері айтылды

Қайырбек Өскенбаев Маңғыстау облысының тұрғындарына Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелері туралы айтты.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев республикалық ақпараттық тобының құрамында Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша 11-13 желтоқсан аралығында Маңғыстау облысына барып келді.
Қайырбек Өскенбаев Ақтау қаласының белсенділерімен – мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен, кәсіпкерлік палатасы мен қаржылық институтының өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, қаланың құрметті тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ол агроөнеркәсіп кешеніне инновацияларды енгізу, агломерацияларды қалыптастыру және дамыту, көліктік инфрақұрылымды, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін дамыту, мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру туралы айтты. 
Вице-министр Жолдаудың негізгі ережелері туралы баяндамасымен «Ел Президенті әлемдік өркениет қана емес, әлемдік экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде Қазақстанда соқтығысатын сындарға мән берді. Мемлекет басшысы алда тұрған әлемдік дамудың қиындықтарына әрекеттесу қажеттігін анық айтты», - деп атап өтті. 
Сонымен қоса, вице-министр облыстық аурухана ұжымымен және денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен кездесті. Ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары мен мемлекет алдында қойылған жаңа міндеттерге тоқталып кетті.
Қайырбек Өскенбаев Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне барды, онда оқу орнының студенттері мен ұжымымен кездесті және ҚР Президенті Жолдауының негізгі аспектілері туралы айтты.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты» елдің барлық өңірлеріне даму күшін беру және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өсімі үшін жаңа мүмкіндіктер ашу мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, қолайсыз экономикалық болжамдарға қарамастан, Мемлекет басшысы халық алдында толық көлемде әлеуметтік міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді тапсырды» - деп хабарлады Қайырбек Өскенбаев.
Қайырбек Өскенбаев «Морпорт-Ақтау» арнайы экономикалық аймақтың, «Каспий Битум» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті, ол тұрғын-үй, көліктік-логистикалық, энергетикалық инфрақұрылымды, сондай-ақ жалпыұлттық жоспар шеңберінде денсаулық сақтау мен білім беру саласын дамыту бойынша үкімет шаралары туралы айтып өтті.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, тұрғын-үй аумағын бөлу, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салсындағы мәселелер туралы өтініштер білдірген азаматтарды жеке қабылдады. Азаматтар өтініштерінде барлық мәселелер қабылданды және бақылауға алынды, жетекшілік ететін мемлекеттік органдарға тапсырылды.

Бөлісу: