Нұр-Сұлтаннан Уфаға әуе рейсі ашылады

18 Шілде 2022, 12:21 1631

Сондай-ақ Алматы – УФА бағыты бойынша да рейс ашылады

Халықаралық қатынастарды одан әрі қалпына келтіру және рейстерді ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Алматы – УФА жаңа бағытын ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz

Осылайша, ресейлік әуекомпания ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап Алматы – УФА бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні, сондай-ақ ағымдағы жылдың 4 тамызынан бастап Нұр – Сұлтан-УФА бағыты бойынша аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күні тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер SU-95 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Қазақстан мен Ресей арасында жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында қолжетімді.

Бөлісу: