Елордалық спортшы Сиязбек Далиев Португалияда пара жүзуден әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды El.kz сайты қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
12-18 маусым аралығында Португалияда пара жүзуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды, олардың арасында БЖСМ пара жүзуші Сиязбек Далиев те бар.
Спортшы финалға сенімді түрде өтті, онда 50 м қашықтықта баттерфляй әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, қашықтықты 36,32 секундта жүзіп өтті.
Далиев Сиязбек ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара жүзу бойынша 2021 жылғы Еуропа ашық чемпионатының чемпионы, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері, Токиодағы Паралимпиада ойындарының қатысушысы болып, бесінші орынды иеленді.
Жарысқа 60 елден 509 атлет қатысып жатыр.