Нұр-Сұлтанда жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

19 Шілде 2022, 11:40 2230

Күдіктінің Өзбекстан Республикасының азаматы екені анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері ЖБО-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматын ұстады, – деп хабарлайды El.kz.

Тергеу барысында күдікті түн ортасында Нәжімеденов көшесінде «Камаз» автокөлігінен терезесін сындыру арқылы рацияны, кілттер жиынтығын жасырын ұрлап, оқиға орнынан жасырынғаны анықталды. Материалдық шығын 200 000 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Заттай айғақ тәркіленді. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті автокөліктен шыққан кезде азаматтарды қырағы болуды, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын міндетті түрде тексеруді ескертеді. Автокөлікті айдап әкетудің алдын алу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автомобильдерді күзетілетін тұрақтарда және бейнебақылау камераларының көретін аймағында қою ұсынылады.

Бөлісу: