Нұр-Сұлтанда жаңа пәтерлердің бағасы қымбаттаған

8 Шілде 2022, 17:00 1521

Ұлттық статистика бюросы маусым айында тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергенін жариялады

2021 жылғы маусым мен 2022 жылғы маусым аралығында қолданыстағы пәтерлердің бағасы – 26,8%, ал жаңа пәтерлер – 19,5%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы 21%-ға көтерілген, деп хабарлайды El.kz

Өңірлер бойынша жаңадан салынған тұрғын үй бағасы Нұр-Сұлтанда айтарлықтай жоғарылаған – 27,9%. Қолданыстағы пәтерлер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Қызылорда қаласында (46,7%), ал жалға алу құны Алматы қаласында (48,3%) қымбат.

Биылғы мамырдан маусымға дейін, яғни бір айда жаңа тұрғын үй бағасы – 1,1%, ал қайта сату – 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу ақысы мамырмен салыстырғанда маусымда 1,1% төмендеген.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде жасалады.

Бөлісу: