Нұр-Сұлтанда 4 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өсті,– деп хабаралайды El.kz. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.
Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және тағы да басқа мамандарының жалақысы көтерілді. Осылайша елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды.
Мәселен әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және тағы да басқа орындарда жұмыс істейтін, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30%-дан 50%-ға дейін көбейді. Осыған байланысты бірнеше мысал келтіріп өтейін:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған дейін медицина қызметкерлерінің, педагогтардың, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын. Осы бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз, – деп жазды елорда әкімі.