Нұр-Сұлтандағы мешіттерде 9 шілдеде таңғы айт намазы оқылады, – деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген орындарында құрбандық шалу таңғы сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Қала мешіттерінде 9 шілде күні таңғы сағат 7.00-де Айт намазы оқылады.
Нұр-Сұлтанда құрбандық шалуға болатын жеті орын белгіленген:
Байқоңыр ауданында:
«Жайлау» базары, Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
«Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы 34/6 ("Көк базар" арты);
«Шопан ата» базары («Рубик» және «Әмір» базарларының арасы);
«Баракат» базары, А 369 көшесі, № 10 ғимарат;
«Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;
«Темеш» шаруа қожалығы, айналма жол 229, 1а.
Сарыарқа ауданында:
«Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Тілендиев даңғылы, 24.
Құрбандыққа шалынған мал еті көмекке мұқтаж жандарға таратылады. Құрбан айт мерекесінде «109» Call-орталығы тәулік бойы жұмыс жасап, халықты құрбан шалу және басқа да өзекті мәселелер жөнінде ақпараттандады.