Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы өзендер ластанған

7 Маусым 2022, 16:59 2724

Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында судың сапасы мен қауіпсіздігі тексерілді, - деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жаздың бірінші күнінде шомылу маусымы ресми түрде ашылады. Дегенмен суға түспес бұрын ол жер шомылуға қауіпсіз екенін анықтап алған дұрыс. 

– Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазғы кезеңде қала шегінде орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орын ретінде пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасына мониторинг жүргізді. Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінен және Нұра-Есіл каналынан алынған бүкіл су сынамасында санитариялық-химиялық көрсеткіш бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Атап айтқанда түсі бойынша - 2,71 есе, темір мөлшері бойынша - 2,3 есе және оттегін химиялық тұтыну бойынша - 1,87 есе нормадан асып кетті» деп мәлім етті комитеттен. Белгіленбеген жерде шомылу өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіреді.

Бөлісу: