Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы ауысты

7 Қыркүйек 2022, 00:33 968

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ғабит Тәжімұратовтың "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, - деп хабарлайды EL.KZ ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалғыз акционер - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Тәжімұратов Ғабит Қалиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - делінген хабарламада. 

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.

Кадрлық шешімнің себептері министрлікте хабарланған жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: