Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Әзербайжан сарапшылар кеңесінің бірінші отырысы өтеді

19 Тамыз 2022, 13:15 933

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мәлімдеді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Әзербайжан сарапшылар кеңесінің бірінші отырысы өтеді, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мәлімдеді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Әзербайжан Республикасына сапары қарсаңында өткізіледі. Кеңестің негізгі мақсаты – қос мемлекеттің талдамалық және ғылыми-зерттеу құрылымдары арасындағы өзара тығыз әріптестікті нығайтуға үлес қосу. Қазақстан-Әзербайжан сарапшылар кеңесінің құрамына мемлекет қайраткерлері, белгілі саясаттанушылар, сарапшылар, халықаралық қатынастар саласының мамандары кіреді. Кеңестің бірінші отырысы барысында қос елдің сарапшылары екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін, халықаралық күн тәртібін, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларға қатысу бойынша жоспарларын талқылайды.

Бөлісу: