Н.Назарбаев орталығы Исламтану институтымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

17 Қыркүйек 2019, 18:27 2532

17 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Н.Назарбаев орталығы Исламабад халықаралық ислам университетінің исламтану институтымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 


Тараптар меморандум аясында ақпарат алмасу, діни саланың өзекті мәселелері бойынша өзекті және перспективалы ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп талдау арқылы дінаралық және конфессияаралық диалог мен келісім саласында өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Исламабад халықаралық ислам университетінің Ислам зерттеулер институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак бейбіт диалог арқылы діндер мен мәдениеттер арасындағы алауыздықты жеңуге бағытталған жаһандық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалады. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі кең халықаралық танымалдылыққа ие болды және әр түрлі дін өкілдері ашық және сенімді ахуалында қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылайтын тұрақты диалог алаңы болып табылады», - деді ол.


Алтай Әбибуллаев сындарлы өзара іс-қимыл туралы айта келе, Орталықтың қызметі ұқсас халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа бағытталғанын атап өтті. «Біз Конфессияаралық және өркениетаралық қарым-қатынасты дамыту бойынша Н.Назарбаев Орталығының БҰҰ ұйымдарымен ынтымақтастық орнату мәселелері бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.

Бүгін Съезд Хатшылығының жұмыс тобының отырысы өтіп, оған әлемнің 14 елінен дәстүрлі дін өкілдері қатысуда. Ұйымдастырушылар Жұмыс тобының отырысы 2021 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы жетінші Съезіне арналған негізгі ұстанымдарды қалыптастыру бойынша халықаралық дінаралық ынтымақтастық үшін өзіндік алаң болады деп атап өтеді.

Бөлісу: