Мысырда туристерге акула шабуыл жасады

30 Желтоқсан 2024, 01:23 937

Мысырдың шығысындағы Марса-Алам курортты қаласында акула туристерге шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы біреуі жарақат алған.

Мысырдың Қоршаған ортаны қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жағажай аумағы жабылып, 30 желтоқсаннан бастап 48 сағатқа шомылуға тыйым салынды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия құрылған.

Ведомство туристердің қайдан келгенін нақтыламаған. Шабуыл Қызыл теңіздің шомылуға болмайтын аумағында тіркелген.

Перизат Саденова
Бөлісу: