Мысырда Құран Кәрімнің 150 жылдық көшірмесі табылды

20 Қыркүйек 2023, 13:00 1115

Мысырдан Құран Кәрімнің 150 жылдық 2 сантиметрлік шағын көшірмесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Yeniakit басылымына сілтеме жасап. 

Мысырдың Эль-Минуфие провинциясында тұратын Абде Месуд 150 жылдық 2 сантиметрлік шағын Құран Кәрімді арғы аталарынан мұраға қалған кішкентай жәшікте сақтайды.

Осман империясының баспаханаларында басылған "Мушаф-и Шериф" жұқа және өте кішкентай қағазға кішкентай әріптермен жазылған. Месуд Құранды лупамен оқиды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Дания үкіметі діни кітаптарды қоғамдық орындарда өртеуге тыйым салатынын жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: