26.05.2023
20:18
1345
Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Ұлы тарихи тұлғаның мерейтойына арналған іс-шаралар бүкіл Қазақстанда өтіп жатыр.  

Мәдениет және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, таяу күндері қазақстандық делегация «аз-Захир Бейбарыс» мешітінің ашылуына және Бейбарыс сұлтанға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Мысырға аттанады.

4 маусымда Каирде қазақстандық артистерінің қатысуымен гала-концерт және Мысырдағы Қазақстанның мәдени күндері аясында қолданбалы өнер көрмесі өтеді. Бұл біздің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері үшін өнерлерін паш етуге үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, биыл қараша айында екіжақты Үкіметаралық комиссияның VI отырысын өткізуді талқыладық, – деді министр Асхат Оралов.