Мысырда ғимарат қирап, бес адам қаза тапты

17 Шілде 2023, 12:03 837

Жексенбіде Мысырдың солтүстігінде Александрия және Бухейра провинциясында ғимарат қирап, 5 адам қаза тапты және 11-і зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше,  Бухейра провинциясындағы Рашид қаласында сегіз қабатты ғимарат қирап, екі адам қаза тапты және тоғызы жарақат алды. Іздеу және құтқару операциялары жүріп жатыр.

Александрия провинциясынан шығысқа қарай Бакус ауданында тұрғын үйдің екі балконы құлап, үш адам қаза тапты және екеуі зардап шекті. Прокуратура оқиғаны тергеуді бастады.

Еске салайық, маусымда Александрияда 13 қабатты ғимарат қирап, 10 адам мерт болған еді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: