Мысырда акула бойжеткенге шабуыл жасады

14 Қыркүйек 2023, 09:44 1373

Египеттің Дахаб курортында акула бойжеткенге шабуыл жасады. Бұл туралы Еl Mansour басылымы хабарлады. Басылым мәліметінше, дәрігерлер жәбірленушінің қолын ампутация жасауға мәжбүр болған, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға куәгерлерінің бірінің сөзіне қарағанда, акула қызды иығынан тістеп алған, содан кейін зардап шеккен адам ес-түссіз ауруханаға жеткізілген. Оқиға болған соң кейін жергілікті қауіпсіздік қызметі екі сағат бойы жыртқышты іздеген, алайда оны таба алмаған.

El Fagr порталы зардап шеккен адамның Мысыр азаматы екенін алға тартты.

Маусым айында Египеттің Хургада қаласындағы Dream Beach қонақ үйінің жағажайында акула әкесінің көзінше 23 жастағы ресейлікке шабуыл жасағанын жазғанбыз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: