Мырзағали Айтжанов дастархан басында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларына бата берді

1 Сәуір, 10:52 1326

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Тулкин Киличев қазақ-өзбек боксшылары шаршы алаңда қарсылас болса да, өмірде дос екенін кезекті рет паш етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстандық жаттықтырушы өзінің Instagram-парақшасында көрші елдің былғары қолғап шеберлері бір дастархан басында тамақтанып отырған сәтінің фотосы мен видеосын жариялады. Ал ас соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бата берді.

Бұл отырыс жақында ғана «Ұлы Жібек жолы» турнирі аяқталған Бакуде өткен тәрізді.

Естеріңізде болса, аталған жарыста Қазақстан боксшылары үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, бұған дейін Италиядағы турнирден соң да Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері Рахматжон Рузиахунов пен Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов кездесуі көпшілікті сүйсіндірді. Бапкерлер Париж олимпиадасы сарапқа салынған турнирден соң бір-бірін құшағына алып құттықтаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tulkin Kilichev. (@tulkin_kilichev)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: