Мыңға жуық киік мүйізін шетелге шығармақ болғандар ұсталды

10 Қараша 2022, 14:40 2137

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлім етті

10 қарашада жедел ақпаратты іске асыру нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті полиция органдарымен және «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының бес азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz

Шекара қызметінің мәліметінше, олардың көлігін тінту барысында жалпы салмағы 100 кг-нан асатын 983 киік мүйізі табылған.

«Ұсталған адамдар жақын шетелге жөнелте отырып, дериваттармен сауда жасады деген күдікке ілінді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп жазды ведомстводан.

EL.KZ
Бөлісу: