«Мына сөмкені асынған арыстанды бірінші рет көріп тұрмын»

26 Мамыр 2023, 17:20 1013

Бұл – әлеуметтік желіде таралған тағам жеткізіп беруші жігіт туралы жазылған мыңдаған пікірдің бірі.

Шынын айту керек, 12 мүшесі сау адамның өзі қала аралап, дамыл таппайтын жұмысты істеуге келісе қоймайтыны анық.

Видеодан жас жігіттің мүгедектігі бар екенін байқаған желі қолданушылары оның әрекетіне тәнті болып жатты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Тіпті біреулері «Кешіре гөр мені жаратқаным, менде денсаулық бар, кейде қанағат жоқ»,- деп тәубесіне келгенін ашық жазса, тағы басқасы «Жұмыс жоқ деп жүргендерге үлгісің», - деген құрметін жасырмады.

 «Жұмысқа алған адам да красавчик» дейтіндер де, жаңа жұмыс тауып беруді ұсынғандар да болды.

Әлбетте хейтерлерсіз де мүмкін емес. «Мұндай мүгедектер жетерлік. Оларды сонша көкке көтерудің не қажеті бар екенін түсіне алмай отырмын»- дегендер де табылды.    

Әрине қайырымды жандар көбірек. «Бізге тауып беріңдер. Ел болып көмек берейік» деген пікірге үндес бірнеше жазба да бар.

Жалпы алматылық курьер туралы бұл видео 1 жарым миллион рет қаралып, 100 мыңға жуық лайк жинаған.

Арыстан жүректі азаматқа осылай құрмет көрсетудің өзі үлкен демеу сияқты.

EL.KZ
Бөлісу: