Кәсіби музыканттардан бастап, қарапайым тыңдармандарға дейін аз ғана уақыттың ішінде авторлық ән жазуға болады. El.kz интернет порталы, ЖИ технологиясының көмегімен кәсіби тректер жазуға болатын үздік 5 қосымшаны ұсынды.
Suno AI
Музыка жасауға арналған №1 ЖИ қосымша. Ол кез келген адамға бір сәтте әндер жасауға, ремикстеуге және бөлісуге мүмкіндік береді. Ең үздік өңдеу құралдары, вокал мен аспаптарды қосу мүмкіндігі, сондай-ақ кәсіби жұмысқа арналған тректерді экспорттау функциясы бар. Айына 500-ге дейін коммерциялық құқықтары толық берілетін ән жасауға болады.
AIVA
250-ден астам жанр мен стильде музыка жасайтын ЖИ-көмекші. Сервис тректерді генерациялауға, оларды өңдеуге, өзіңіздің аудио немесе MIDI файлдарыңызды жүктеуге және бірегей модельдер мен стильдер жасауға мүмкіндік береді. Жаңадан бастаушыларға арналған тегін тариф бар. Ұзақтығы үш минутқа дейінгі тректерді тек коммерциялық емес мақсатта қолдануға болады.
Soundraw
ЖИ көмегімен ерекше тректер жасайтын онлайн-сервис. Бірнеше рет басу арқылы әндерге, видеоларға немесе жобаларға арналған музыка генерациялауға болады. Платформа тректерді өңдеу құралдарын ұсынады: құрылымды өзгерту, қайырмаларды ауыстыру, кіріспені қысқарту. Барлық композициялар толықтай түпнұсқа, ешқандай көшірме жоқ. Тегін қолдануға да болады.
Melobytes
Түрлі ремикстер жасауға арналған креативті платформа. Мұнда мәтінді әртүрлі тілдерде әнге айналдыру, тоналдылық пен темпті таңдауды қоса реттеу, бейнелерді ерекше дыбыстарға айналдыру, өз мәтініңізбен рэп-композициялар жасауға болады.
Beatoven.ai
Видео, подкаст, ойын және басқа да жобаларға арналған түпнұсқа, роялти-фри тректер мен дыбыс эффектілерін жасауға мүмкіндік береді. Платформа мәтіндік және мультимодальды сұраулармен жұмыс істейді, музыкаға ыңғайлы баптау құралдарын ұсынады. Тегін нұсқасы, сондай-ақ кеңейтілген мүмкіндіктер мен коммерциялық лицензиялары бар.
Осы аталған қосымшалар арқылы кез-келген адам әлемдік деңгейдегі мықты ремикстер жазуға және танымал әндерді өзгертуге толық мүмкіндік бар.