Мүшел жасқа толған Сәкен Майғазиев костюмдерін халыққа таратып берді

3 Қаңтар, 14:00 4295

Әнші Сәкен Майғазиев мүшел жасқа қадам басып, ырым бойынша киімдерін таратып бермекші, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің киімін алғысы келген халықтың санында шек жоқ. Мыңдаған адам хат жазып, өнер иесінің киімін алғысы келетінін айтқан.

Ассалаумағалайкум, асылдарым! Баршаңызға Алланың нұры жаусын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік, отбымыз аман, төңірегіміз түгел, жақындарымыз жанымызда болсын. Ақ жүрегіммен екі дүниенің жақсылығын тіледім. Құттықтауларыңызға алғысым шексіз.
Бізге не тілесеңіздер Алла тағала сіздерге еселеп қайтарсын, - деп жазды өнер иесі.

Ол уәдесін орындап, костюмді қалай беретінін де айтқан.

Қаншама жандар неше түрлі ойын шарттарын ұсынды. 800-ден аса пікірден бөлек, мыңға жуық тыңдарман "Маған сыйға тартыңыз", "Балам өнерге ынтық, өскен соң киер", "Кимесек де естелік болып қалсын", "Тура менің өлшемім екен, мен алайын", деген сынды 500-ге тарта хабарламалар келіп түсті. Көлдей көңілдеріңізден айналып кетейін. Бұдан бөлек сахналық емес, күнделікті киетін киімдерімді бір-екі досыма бермекпін. Тағы қайталап айтайын, мүшелден шықсам да, мүшелге кірсем де бір Аллаға сыйынып, бір Аллаға тәуекел етіп, бір Алланың тағдырына иман келтірген жанмын. Мүшелден мүшелге аман-есен жете беріңіздер. Алла тағала бар жақсылықты нәсіп етсін. Бәріңізді құшақтадым, – деп жазды әнші. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: