Мұратбек Сұлтанбекұлы: Биылғы ДКО нағыз әлемдік жарыс ретінде ұйымдастырылады

31 Шілде, 17:09 515

8-13 қыркүйек күндері Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Дүбірлі додада барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Басталуына бір айдай ғана уақыт қалды. Сондықтан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекция басшысының орынбасары Мұратбек Сұлтанбекұлына хабарласып, сайыстың дайындық барысы туралы сұраған едік.

El.kz: Мұратбек Сұлтанбекұлы, елімізде өтетін Көшпенділер ойындары спорт, мәдениет, ғылым секілді үш бөлімге негізделген екен. Осыларды жекелей түсіндіріп берсеңіз.  

Мұратбек Қыпшақбаев: Қазанат ипподромының оңтүстік-батыс жағындағы іргелес 10 гектар аумақта орналасқан «Көшпенділер ғаламы» этноауылы ДКО мәдени бағдарламасын жүзеге асыруда негізгі алаңға айналады, сондай-ақ, мәдени бағдарлама Астана қаласының әртүрлі нысандарында (алаңдарда, саябақтарда, басқа да қоғамдық орындарда, театрларда, концерт залдарында, кинотеатрларда, мұражайларда, көрме павильондарында және т.б.) өткізіледі.

Ойындардың ғылыми бағдарламасының іс-шаралары Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында өткізіледі.

Мәдени бағдарлама

Ойындардың ашылу рәсімінен бір күн бұрын «Көшпенділер ғаламы» Этноауылының ашылуы өтеді.

Бұл күні «Астана – көшпелілердің астанасы» атты жарқын театрландырылған қойылым көрсетіледі. Шараға ДКО-ға келген шетелдік қонақтар мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысады.

Этноауылдың бірегей концерттік алаңында күн сайын мәдени шаралар өткізіледі. Соның ішінде Қазақстанның үздік қолөнершілерінің ең ірі көрме-жәрмеңкесі және шеберлер өз қолөнерінің қыр-сырымен бөлісетін шеберлік сабақтары болады. Еліміздің жетекші және бастаушы айтыскерлері қатысатын дәстүрлі «Айтыс» ақындар мүшәйрасы Этноауылдағы мәдени бағдарламаның ажырамайтын құрамдас бөлігі болмақ. «Көшпенділер ғаламы» фестивалі мәдениет әлеміндегі заманауи үрдістерді көрсетеді.

Іс-шаралар бағдарламасында этноауылдың ең кішкентай қонақтарына көп көңіл бөлінеді, олар көптеген ойын-сауық және танымдық ойын алаңдары мен этникалық стильдегі аттракциондарды тамашалайды. Сондай-ақ Этноауылда сән көрсетілімі өтетін подиум ұйымдастырылады. Этникалық сән фестивалі аясында этникалық киімдердің түрлі үлгілері, оның ішінде осы трендтің көшбасшысы – Global Nomads үлгілері ұсынылады.

Сондай-ақ, ДКО мәдени бағдарламасында кинофестиваль өткізу де қарастырылған.

Этноауылда жыртқыш құстарды салудан жарыстар және ұлттық күрес түрлерінен көрнекі қойылымдары өткізіледі. Ұлттық тағамдар фестивалі қазақ халқының қонақжайлылығы мен ақкөңілдігін паш етеді. Мұнда шеберлік сабақтары өткізіліп, әрбір келуші тамақ пен сусын дайындауға қатыса алады.Также культурная программа ВИК предусматривает проведение кинофестиваля.

Ойындар қарсаңында Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларында әсерлі театрландырылған іс-шара өткізу барысында жергілікті қасиетті бұлақтардың бірінен Дүниежүзілік ойындардың Ашылу рәсіміне апарылатын Су алынады. Аймақтың орталық көшелерінен өтіп, орталық алаңда құрметке ие болған керуен Қазақстанның астанасына аттанады. Өңірдің дәстүрі мен стилінде безендірілген «Керуен» құрамында Су толтырылған ыдыспен бірге Астанаға Ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын шығармашылық топтар келеді. Сонымен қатар, керуендер өңірлерден Астанаға қажетті мөлшерде киіз үй, ыдыс-аяқ, «Көшпенділер ғаламы» этноауылын ұйымдастыруға қажеттінің барлығын әкеледі. Ойындардың ашылу күні құрамында еліміздің барлық аймақтарының атынан келген, қолына қасиетті Су толтырылған Торсық ұстаған батырлар бар керуен Ойындардың ашылу рәсімі өтетін жерге жарқын шерумен аттанады. Қасиетті көздерден алынған Су ДКО ашылу рәсімінің шарықтау шегінің маңызды құрамдас бөлігі болмақ

Ғылыми бағдарлама

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйек аралығында Ұлттық мұражайда этноспортты дамытудың түрлі аспектілері зерттелетін «Көшпенді халық: тарих, таным, тағылым» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция келесі бөлімдерден тұрады:

Тарих және мәдениет – түркі әлемінің көшпелі дәстүрлері мен рухани байлығы; көшпелі мәдениет пен ұлттық спорт дәстүрлерінің еларалық ынтымақтастықты дамытудағы рөлі.

Спорт ғылымы – Қазақстан Республикасында және "Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" қатысушы елдерде ұлттық спорт түрлерін дамытудың қазіргі жағдайы: ұлттық спорт түрлерінің қалыптасу тарихы мен идеологиясының мәселелері, саланың қазіргі даму жағдайын талдау.

Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы – өткен және қазіргі көшпенділердің тамақтануы; тамақтану мен адам микробиомасы арасындағы байланыс; сүт қышқылды бактериялар және оларды қолданудың соңғы дамуы.

El.kz:  Биылғы Көшпенділер ойындары бұған дейін өткен ойындардан несімен ерекшеленеді?

Мұратбек Қыпшақбаев:  Көшпенділер ойындары осы уақытқа дейін спорттық фестиваль ретінде өтетін болса, биыл Қазақстанда нағыз әлемдік спорттық жарыс ретінде ұйымдастырылады.

El.kz: Айтулы шараның басталуына аз ғана уақыт қалды. Дайындық жұмыстары қалай болып жатыр?

Мұратбек Қыпшақбаев:  Ойындардың басталуына бір айдай уақыт қалды. Соңғы дайындық жұмыстары пысықтылалуда. Негізгі жұмыстың басым бөлігі аяқталып қалды деуге де болады.

Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдармен серіктестік толық орнатылды. Ойындардың ресми демеушілері де белгілі болды.

El.kz:  Қала тұрғындары мен қонақтары сайыстарды қалай тамашаласа болады?

Мұратбек Қыпшақбаев:  V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына билеттерді Ресми Билет Операторының сайтынан сатып алуға болады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жарысына ересектер билетінің баға диапазоны 500-ден 25 000 теңгеге дейін. Ашылу салтанатына билет құны 15 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін қарастырылған. Ересектерге арналған билеттің орташа құны – 4000 теңге. Көрермендердің жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Алты жасқа дейінгі балалар Ойындарға тегін кіре алады. Ал Көшпенділер ойындарына 6 мен 18 жас аралығындағы балалар 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Мысалы, «Теңге ілу» мен «Құсбегілік» жарыстарына билет құны 500 теңге болса,  мектеп оқушылары үшін билет 250 теңге тұрады.

Қазіргі таңда Ойындарға дайындық қызу жүріп жатыр. Билеттерді ресми билет операторы zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады. Бүгінде қазақ күресі, Алыш (қырғыз күресі), Көрәш (татар күресі), Дәстүрлі Садақ Ату, Асық Ату, Ордо, Таяқ тарту, Күрәш (өзбек күресі), Арқан тартыс, Ашыртмалы Аба Гүреші (түрік күресі) жарыстарына билеттер сатылымға шығарылды. Ашылу рәсімі мен Көкпар, Көк Бөрі, Бәйге, Жамбы Ату, Теңге Ілу, Аударыспақ, Құсбегілік, Алыптар сайысы сынды жарыстарға билеттер тамыз айының басында сатылымға шығады. Әсіресе дәстүрлі садақ ату мен асық ату жарыстарына сұраныс көп.

Тағы бір айта кетерлігі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына БАҚ өкілдері үшін аккредитация ашық. Тіркелу 2024 жылдың 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Наурызбек Сарша
Бөлісу: