Мұрат Нұртілеу Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады

13 Мамыр 2023, 05:21 1374

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджуды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

М.Нұртілеу қазақ-түрік қатынастарының үлгілі сипатын атап өтіп, сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны одан әрі нығайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қажеттілігін мәлімдеді.

Өз кезегінде М.Капуджу екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайтуға үлес қосуға дайындығын растады, - делінген мәліметте.

Тараптар бірлескен халықаралық іс-шараларға дайындықтың барысын да талқылап, Түркі мемекеттері ұйымы шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға өзара мүдделігін білдірді.

Берік Арманов
Бөлісу: