Еліміздің Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады, - деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар министрлер аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.