30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПремьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға ресми сапары аясында осы елдің Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың қабылдауында болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында Мұрат Нұртілеу Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы тілектері мен ыстық сәлемін жеткізді. Моңғолия Президенті Астананың Ұлан-Батыр үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірген.
СІМ басшысы Моңғолия Қазақстанмен ортақ тарихи тамырлармен, сондай-ақ рухани және мәдени жақындықпен байланысты сенімді әрі жақын көрші екенін мәлімдеді.Тараптар биік және жоғары деңгейдегі, соның ішінде үкіметтік және парламентаралық сапарлармен алмасу жөнінде уағдаласты.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы бірлескен жұмыс талқыланды. Сол күні Қазақстан СІМ басшысы Моңғолия Премьер-министрі Гомбожавын Занданшатармен де жеке кездесу өткізді.
Тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығын нығайтуға бейілділігін растады және көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және басқа да салалардағы өзара іс-қимылдың нақты жолдарын талқылады. Қазақстан мен Моңғолия екіжақты тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына дейін жеткізуді көздеп отыр, бұл мақсатқа қазақстандық астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту арқылы қол жеткізілмек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды