2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕліміздің премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанның жетекші компанияларының басшылары – «UBM Group» бас директоры Петер Хорватпен, «BDPST Group» директорлар кеңесінің төрағасы Иштван Тиборцпен және «4iG Plc.» директорлар кеңесінің төрағасы Геллерт Ясаимен кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесулер барысында цифрландыру, көлік логистикасы, агроөнеркәсіптік кешен, қонақ үй бизнесі және тұрақты технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Қазақ тарапы халықаралық серіктестікке ашық екенін растады және барлық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.
«UBM Group» басшылығымен Алматы, Қостанай және Қарағанды облыстарында өндірістік нысандар салуды қамтитын агроөнеркәсіптік жобаны іске асыруға дайындық барысы қарастырылды. Жобаның бірінші кезеңіне шамамен 64 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Жоба аясында зертхана, оқу орталығы мен логистикалық инфрақұрылым құру көзделген.
«BDPST Group» компаниясымен кездесуде логистика, қонақ үй бизнесі және цифрлық қаржы салаларында ұзақмерзімді жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қатысуымен бірлескен логистикалық хаб құру бастамасына ерекше назар аударылды.
«4iG Plc.» компаниясымен келіссөздер барысында сұхбаттастар спутниктік байланыс, Жерді қашықтықтан зондтау және цифрлық инфрақұрылым құру салаларындағы технологиялық серіктестіктің болашағы жөнінде пікір алмасты. Қазақстан тарапы спутниктік платформаларды құрастыруды локализациялауға қызығушылық білдірді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова