14.08.2025
22:07
706
Мұрат Нұртілеу Әзірбайжан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мұрат Нұртілеу Әзірбайжан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мұрат Нұртілеу мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Еліміздің СІМ жетекшісі әзірбайжандық әріптесін Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтап, бұл тарихи қадам ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақты дамудың берік негізіне айналады деген үмітін білдірді.

Осы тұрғыда сұхбаттастар өңірлік коммуникацияларды ашу жөніндегі уағдаластықтар аясында туындайтын сауда, логистика және көлік салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, тараптар алдағы өзара іс-қимыл жоспарларын талқылап, жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударды және телефон арқылы сөйлесу барысында көтерілген барлық мәселелер бойынша тұрақты байланыста болуға келіскені белгілі болды. 

Сұхбат қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және барлық бағыттардағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бейілділігін растады.