Жақын адамыңнан айырылу – адам өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі. Мұндай сәтте эмоциялық күйзеліс пен қайғыға қоса, заңдық мәселелерді де шешуге тура келеді. Соның ең маңыздысы – мұрагерлікті дұрыс рәсімдеу. Бірақ көпшілік бұл процесті кейінге қалдырып, ал ол сотқа дейін жетуі мүмкін.
Мұра қашан ашылады?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұра мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап ашылады. Дәл осы сәттен бастап алты айлық мерзім есептеле бастайды. Осы уақыт ішінде мұрагерлер нотариусқа жүгініп, өз құқықтарын рәсімдеуі тиіс.
Егер мұрагер алты ай ішінде өтініш бермесе, ол мұрагерлік құқығынан айырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда құқықты тек сот арқылы, дәлелді себептер болғанда ғана қалпына келтіруге болады.
Мұраны қайда және қалай рәсімдейді?
Мұрагерлік іс нотариус арқылы жүргізіледі. Нотариус:
Маңызды жайт: мұрагерлер әртүрлі қалада тұрса да, кез келген нотариусқа жүгіне алады. Бірақ істі мұра ашылған жердегі нотариус жүргізеді.
Қандай құжаттар қажет?
Мұраны рәсімдеу үшін әдетте мына құжаттар талап етіледі:
Қажет болған жағдайда нотариус қосымша құжаттар сұратуы мүмкін.
Өсиет пе, әлде заң бойынша ма?
Қазақстанда мұра екі жолмен рәсімделеді:
Өсиет бойынша
Егер марқұм өсиет қалдырса, мүлік сол құжатқа сәйкес бөлінеді. Дегенмен заң бойынша міндетті үлес алатын адамдар бар. Олар:
Бұл санаттағы тұлғалар өсиетке қарамастан өз үлесін алуға құқылы.
Заң бойынша
Егер өсиет болмаса, мұра туыстық кезек бойынша бөлінеді. Бірінші кезекте – жұбайы, балалары және ата-аналары. Олар болмаған жағдайда одан кейінгі кезектегі туыстарға өтеді.
Алты айлық мерзім неге маңызды?
Алты ай – мұрагерлік құқықтағы шешуші кезең. Осы уақыт ішінде нотариусқа жүгінбеген адам мұраны қабылдамаған болып есептеледі.
Мерзімді тек сот арқылы қалпына келтіруге болады. Ол үшін:
мұра қалдырушының қайтыс болғанын білмеу
сияқты дәлелді себептер қажет.
Алайда сот процесі ұзаққа созылып, қосымша шығындарға әкелуі мүмкін.
Жиі кездесетін қателіктер
Көп жағдайда туыстар марқұмның үйінде тұра бергенін жеткілікті санайды. Бірақ нотариусте рәсімделмеген мүлік заңды түрде сіздікі болып саналмайды. Бұл кейін дау-дамайға әкелуі мүмкін.
Кейбір мұрагерлер банк шоттары немесе жер телімдері туралы ақпаратты жасыруға тырысады. Алайда нотариус мемлекеттік базалар арқылы бұл мәліметтерді анықтай алады. Мұндай әрекеттер тек жанжал мен сотқа ұласуы мүмкін.
«Кейін рәсімдейміз» деген ой – ең үлкен қателіктің бірі. Уақыт өтіп кеткен соң, мәселені тек сот арқылы шешуге тура келеді.
Мерзім өтіп кетсе не істеу керек?
Мұндай жағдайда екі жол бар:
Мұрагерлердің келісімі. Егер барлық мұрагерлер қарсы болмаса, жаңа мұрагерді қабылдау туралы жазбаша келісім жасалады.
Сотқа жүгіну. Егер келісім болмаса, мерзімді қалпына келтіру үшін талап-арыз беріледі.
Маңызды жайт
Мұра тек мүлік емес. Онымен бірге марқұмның:
Алайда мұрагерлер бұл міндеттемелерге тек алған мүліктің құны шегінде ғана жауап береді.