«Мұндай мәлімдеме жасаудың қажеті жоқ». Танымал менеджер Әлімханұлы мен Рахмоновты сынады

15 Қаңтар, 14:47 1174

Naiza FC промоушенінің президент Нұрбек Қарабала ұйымның Youtube-арнасына берген сұхбатында спортшыларға ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Патриоттық, ана тілге деген құрмет жақсы, бірақ біздің спортшыларға көпшілік алдында мұндай мәлімдеме жасаудың қажеті жоқ. Өткенде боксшы Жәнібек Әлімханұлы «қазақ тілінен басқа ешбір тілде сөйлемеймін» деп айтқан болатын. Осы арқылы олар өздеріне проблема арттырып алып отыр. Жақында Шавкат Рахмонов туралы мақала шықты. Онда Шавкат ағылшын тілін білмесе, өзі қалаған танымалдылыққа ие бола алмайды деген ой айтылған, - дейді Қарабала.

Оқи отырыңыз:

Маман ағылшын тілін білу спортшының танымалдылығына ғана емес, табысының артуына да септігін тигізетінін алға тартты.

Бәрін санмен есептейік. Айталық, сенің жекпе-жегің 1 млн доллар тұрса, ағылшын тілін білсең, оның құны кемінде 2 млн доллар тұратын болады. Қызығушылық артады, америкалық көрерменге тікелей қарап сөйлей алсаң, бұл танымалдылыққа әсер етеді. Хабиб Нурмагамедовті алайық, ол Конор Макгрегормен айқас алдында қарсыласының өзіне қарата мәлімдеме жасады, тікелей оның жанкүйерлерімен сөйлесті, – деді ол.

Бұған дейін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 296 турниріндегі жеңісінен соң өзінің ағылшын тілін білмейтінінен ұялмайтынын, өзінің ана тілінде жақсы сөйлеу жеткілікті екенін айтқан болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: