07.01.2025
06:24
654
Мұнай бағасы өсті

Мұнай бағасы өсті

Мұнай бағасы өсіп, Brent баррелі 77,2 АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лондондағы ICE Futures биржасында наурыз айындағы Brent фьючерстерінің бағасы 0,71 АҚШ долларына (0,93%) өсіп, баррелі 77,22 АҚШ долларына жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында ақпан айындағы WTI фьючерстері 0,7 АҚШ долларына (0,96%) қымбаттап, баррелі 73,91 АҚШ долларына жетті.