Мүмкіндігі шектеулі жандардың қаржы қызметтеріне қолжетімдігі төмен

5 Шілде 2023, 18:28 929

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қаржы қызметтеріне қол жеткізу деңгейі төмен. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған Реттеу саясатының консультативтік құжат-жобасында көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 сәуірдегі статистикалық дерегіне сай, Қазақстанда 955,4 мың адамның әртүрлі санаттағы мүгедектігі бар. Ал Мемлекеттік кредиттік бюроның 1 мамырдағы ақпаратына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі 66,7 мың адам кредиттік ұйымдардан тұтынушылық займ алған. Бұл жалпы көлемнің 6,98% ғана құрайды. Осы көрсеткіш қаржылық қызметтердің аталған санаттағы адамдарға қолжетімділігінің төмен деңгейін көрсетеді, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Реттеу саясатының консультативтік құжатында.

Сонымен бірге былтыр қазақстандықтар тарапынан банк және микроқаржы секторындағы ұйымдарының жұмысына қатысты 35 мыңнан аса өтініш түскен.

Равиль Ашығали
Бөлісу: