01.05.2024
01:18
1108
Мүлкі суға кеткендерге 553800 теңге өтемақы үлестіріліп жатыр

Мүлкі суға кеткендерге 553800 теңге өтемақы үлестіріліп жатыр

Бар мүлкі суға кеткен тұрғындарға мемлекет тарапынан 553800 теңге өтемақы үлестіріліп жатыр. Бұл туралы «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ірі қорлардан бөлек өңір-өңірде құрылған кішігірім бастамашыл топтар да тасқыннан зардап шеккен елге қол ұшын созып жатыр.

Әрі қазір үй-жайынан айырылып, бар мүлкі суға кеткен тұрғындарға мемлекет тарапынан 150 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 553800 теңге көлемінде өтемақы үлестіріліп жатыр.

Мәселен, бүгінге дейін Ақтөбе облысында 2 255 отбасына жалпы сомасы 734 миллион 5 мың 200 теңгеге бір реттік төлем берілген, - деп хабарлады «31 арна».