03.10.2023
17:45
3543
Мұхаммед есімі Әлиханды басып озды - статистика

Мұхаммед есімі Әлиханды басып озды - статистика

Жаңа туған нәрестелердің есімі бойынша статистиканың айлық динамикасында алғаш рет 2023 жылдың қыркүйегінде Мұхаммед есімі Әлихан есімін басып, бірінші орынға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 

 
Сарапшылар екі жылда көп нәрсе өзгергенін айтады. Алдияр, Әмір және Омар есімдері рейтингте төменнен жоғарыға қарай көтерілді. Ал үздік үштікке енген Нұрислам мен Айсұлтан қазір үздік бестікке де кірмейді.
 
Әлинұр мен Әміре есімдері тізімнен мүлде жоғалып кетті, бірақ есесіне Мұхаммед пен Хамза есімдері пайда болып, соңғы айларда екеуіне де "сұраныс" артып келеді.
 
Ал қыздарға ең жиі қойылған 10 есім мыналар:
 
Медина – 551;
 
Айлин - 482;
 
Айша – 452;
 
Асылым – 440;
 
Томирис - 305;
 
Сафия – 284;
 
Раяна - 283;
 
Айым – 266;
 
Әмина – 257;
 
Аяла - 246.